Кішкентай балғындардың жазғы уақытын тиімді өткізу мен сауықтыру жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада балабақша бүлдіршіндері өз өнерлерін көрсетті.
«Балдырған» тобының балғындары «Жайдарлы жаз» тақырыбында өзара сурет салудан өз шеберліктерін көрсетті. Ойын барысында кішкентайлар өз шеберліктері мен икемділіктерін танытты.
Балаларға жаз мезгілі туралы көбірек ақпарат беріліп, жаз мезгіліндегі күннің пайдасымен, зияны туралы өз ойларын қағаз бетіне сурет арқылы жеткізді. Балалардың сурет салуға деген ынталарын дамыту. Табиғатты жақсы көріп аялауға тәрбиелеу. Сондай-ақ қауіпсіздік ережелері басты назарда болу қажеттігі айтылды.